"Түркістаннан ішетін адам бар ма?!": Құранды рэп стилінде оқыған блогер Juzzeffina тағы да желіні шулатты
Фото: Жеке парақшадан алынды
Juzzeffina лақап атымен танылған блогер Жұлдыз Жауынбаева не себепті екі аптадан бері әлеуметтік желіге кіре алмай қалғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы шымкенттік досымен бірге көңіл көтеріп кеткенін мойындады.
“Мені бір апта бұрын шымкенттік досым мейрамханаға шақырды. Сол жерден шыға алмай қалдым. Негізі, бәрін құртқан – Шымкент. Әп-әдемі жүрген қызды бүлдірді. Алматыға келген досым, “Шымкентке тойға шығып бара жатырмын, кеттік” дегенде еріп жүре бердім. Біз артқа шегінбейтін адамдармыз. Бір көйлек, бір туфлиді салып алдым. Содан бір аптаға жоғалдым. Алматыға екі күнге келіп, жұмыс істедім. Бізді ешкім асырамайды. Несие деген бастан асады. Кейде несие бермей қояды. Бөліп төлеуге билет алып жүрмін. Одан кейін Түркістанға кетіп қалдым. Ол жақта да “Ішетін адам бар ма?” деп іздедім. Достар, енді мені ешқайда шақырмаңдар! Мен жұмыс істеп, ақша табуым керек”, – деді блогер.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогердің әрекетін сынап жатыр.
“Қолдарың неге көгеріп тұр?!”, “Шымкентке тағы кел, демаламыз”, “Сүйіктісі Шымкенттен болып тұр-ау”, “Осы қызда жасандылық көп”, – деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, блогер Құрандағы сүрені рэп стилінде оқимын деп халықтың сынына ұшырап, кейін кешірім сұраған еді.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
