Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда қатарласын соққыға жыққан жасөспірімдер ерекше режимдегі мектеп-интернатқа жіберіледі

Желіде жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тараған еді. Түркістан облысының полиция департаменті бұзақылыққа күдікті жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Түркістан облысының полиция департаменті

Сарыағаш ауданында құрдастары соққыға жыққан балаға қатысты бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұзақылыққа күдікті жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылып, материалдар сотқа жіберілді.

“Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия күдікті, яғни кәмелетке толмаған баланы Абай облысында ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатқа жіберу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ Түркістан облысының білім басқармасына кешенді тексеру жүргізу үшін ұсыныс хат дайындалып жатыр”, – деп хабарлады полиция департаменті. 

Полицейлер заңды сақтау мен заңсыз әрекеттер жасамауды, ал ата-аналарға жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы мен жауапкершілігін ұмытпау керегін ескертеді.

Еске сала кетейік, оқиға Сарыағаш ауданында болды. Жанжалдың шығу себебі әзірге анықталмаған. Жәбірленуші анасымен ғана тұрады екен, ата-анасы ажырасқан. Күдіктілер де сол ауылдан, 7 және 9-сынып оқушылары екені анықталды. 

Талқылау