Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда ер адам қасақана бөтеннің үйін өртеп жіберген

Түркістан облысының полицейлері өзгенің үйін өртеп, 10 млн теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап. 

Кентау полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын хабарласып, өзінің малды ауылдағы бір бөлмелі үйін әлдекімнің қасақана өртегенін айтқан. Үй ішінде тұрмыстық заттармен және күн көзінен қуат алатын қымбат құрылғы орнатылған. Оқиға салдарынан жәбірленуші 10 млн теңге көлемінде шығынға батқан. 

Оқиғаны полиция қызметкерлері ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі (Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген. 

Ақпарат келген бойда кентаулық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Тез арада іске кірісіп, куәгерлерден жауап алды. Нәтижесінде, бір сағат ішінде күдіктіні анықтап, оны көше бойынан ұстап, дереу полиция бөіліміне жеткізді. Ол бұрын сотты болған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің малын бағатын бақташының танысы болып шықты. Яғни, бақташы мен оның арасында келіспеушілік туындаған. Содан түсінбеушіліктің арты дауға ұласып, ашуға бой алдырған күдікті үйге өрт қойған.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау