Түркістанда аяқ-қолын байлап тастаған баланың анасы: Күйеуім пышақпен қорқытып, ұлымды алып кетті

Түркістанда аяқ-қолын байлап, аузын жауып қойған баланың анасы оқиға жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде денесін таңып тастаған ұл бала түсірілген видео таралған еді. Оның аузыны беторамал салып қойған көрінеді. Видеоны жүктеген адам "не болып қалды балақай?" деп сұрап жатқаны естіледі. Оның артқы жағында екі әйелдің ұрсып жатқан дауыстары аңғарылады.  

Алғашында баласына жәбір көрсетті деп оның анасы айыпталыпты. Дегенмен содан кейін оқиға екінші қырынан белгілі болды. Баланың туыс әпкесі видеоны оның әкесі түсіргенін айтқан. Сөзінше, ол екі туыс әйелмен үйге басып кіріпті, баланы алып кетпекші болған. 

"Сіңілім екеумізді пышақпен қорқытып, бөлмеден шығарып жіберді. Мұны жасаған сол әйелдердің бірі. Біз баланы байлаған жоқпыз. Менің інім онымен ойнап отырып, жеткіншектің үстіне бандаж іліп жіберді. Мен ол кезде заттарды реттестіріп жүргенмін. Бірақ оның аузына шүберек тығып, видеоға түсірген оның әкесі", - дейді Жұлдыз Пернебаева. 

Ұл баланың анасының айтуынша, бұл қойылымды күйеуі әдейі ұйымдастырған. Ер азамат осылайша алимент төлеуден қашып, әйелді аналық құқығынан айырғысы келген. Дана Жұраева үйінен жұмыстан қайтып келе жатқанында бұрынғы жұбайының баласын алып кетпекші болғанын көріпті. Оның тоқтатуға тырысып баққанда, қолынан ешнәрсе келмеген. 

"Мен оны тоқтатып, баламды алып қалмақшы болдым. Бірақ оның туысы мені теуіп жіберді, мен балшыққа құлап түстім. Оның видеоға түсіргенінің барлығы жалған. Ол бұны мені масқаралап, балам тартып алу үшін жасады", - дейді баланың анасы. 

Алайда бейнежазбаның авторы бұл жайтты жалған еместігін айтып ақталды. Сөзінше, оның баласына расымен қатыгездік танытыпты. 

"Мен үйге кіріп келгенімде баламды байлаулы екендігін көрдім. Аузына бір шүберек салып қойған. Мен жағдайды видеға түсіргенде қатты қынжылдым. Мен оның қандай адам екендігін көрсеткім келді. Бұл бірінші рет болған жағдай емес. Бір күні ол балаларды көлікжайға қалдырып кеткен еді. Олар сол жақта жатыпты. Мен өзім балаларды алып кеткенмін. Иә, мен алимент төлеуді тоқтаттым. Оған себеп әйелімнің менің балаларымды көруімен кедергі келтіруі", - дейді баланың әкесі Бағлан Есболатов. 

Ер азамат баланың үйіне алып кетіп, полицейлерге арызданған. тәртіп сақшылары тергеуді бастап кетіпті. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдан Қазақстанға қашып келген екі азаматқа жаза тағайындалды

Олар 1 жыл көлемінде түрмеге жабылды

"Олимп" букмекерлік кеңсесі енді бәс қабылдамайды

Ұйым қызметі заңға қайшы деп танылып, лицензиясы тоқтатылған

Бұрын 3 теңге болса, қазір 5.5-ке өсті: Қырғыз валютасы неге құнды?

Теңге төмен құлдырағанда сом неге тұрақты "тағынан" түспейді?  

"Барыс" хоккейшілері фин ойыншыларын ойсырата жеңді (видео)

Ойын "Барыстың" еншісіне 5:1 есебімен аяқталды

Арты өлімге алып келетін қытайлық вирус енді АҚШ-қа жетті

Ауруды Вашингтон штатының тұрғыны жұқтырған

"Қатты қорықтым. Жүктімін деп алдадым". Әнші Уатхан Заханқызы зорлық әрекетінің құрбаны бола жаздағаны туралы

Әнші қыз-келіншектерге мұндай қауіпті жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтты

Ресей Федерациясында жаңа үкімет құрылды

Өткен аптада Ресейдің бұрынғы үкіметі өз өкілеттігін тоқтатқан еді

"Қазақмыс" мекемесінің директорына өз кабинетінде пышақпен шабуыл жасалды

Оған шабуыл жасаған адам сол ұйымның қызметкерелірінің бірі көрінеді

Алматыда ерлі-зайыптының он жыл күткен баласы 10 күннен кейін шетінеп кетті

Ата-анасы баланың екпеден кейін шетінеп кеткеніне сенімді

Қостанай облысында маскүнемнің қолынан қаза болған полицейдің отбасына бір бөлмелі пәтер беріледі

Бүгін марқұм болған полицей Дархан Базарбаевты жер қойнына тапсырды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр