Түркістанда алты баланың анасы үшемді дүниеге әкелді
Түркістандық дәрігерлер 39 жастағы алты баласы бар Дилхумар Юсупованың үшемін аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестелер Түркістан қаласында орналасқан №3 облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келді. Үш ұл баланы 39 жастағы Дилхумар Юсупова ота арқылы босанған. Дәрігерлер туғанда салмағы небәрі 1,7 келі (1700 грамм, бойы – 40 см, 1700 грамм, бойы – 39 см, 1970 грамм – бойы 42 см) болған үш ұлды 13 күн бойы күтіп, жетілдірген. Мерзімінен ерте туылған үшем перзентхана дәрігерлерінің бақылауына алынған.
Медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, жағдайы жақсарған.
Мамандардың сөзінше, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Нәрестелерге жақындары Хасан, Хусан және Мухаммад деп ат қойған.
Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының төрт қызы мен екі ұлы бар. 39 жастағы келіншек 9 баланың анасы атанды.
Көпбалалы ана үй шаруасында, ал отағасы қарапайым жұмысшы.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
