AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістанда 9-сыныптың оқушысы босанып қалған

Түркістанда 9-сыныптың оқушысы босанып қалған. Бұл дерек қалалық прокуратура жанындағы ведомствоаралық жиында мәлім болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысының мәліметінше, ерте жүктілік бойынша есепке алынған оқушы қыз қаңтар айында балалы болған. Осы жағдайдан соң ол "Аналар үйіне" жайғастырылыпты.

Облыстық білім басқармасы мамандарының дерегінше, оқушы ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Ол осыған дейін 75 жастағы кейуананың патронаттық қарауында болған екен. Оқушының айы-күні жақындағанға дейін сабақтан қол үзбегені белгілі болды.

“Қаңтар айының 24-і күні босанып, 9-сынып оқушысы осындай жағдайда болып отыр. Мемлекеттік емтиханды алып келіп қатыстыруға тырыстық. Некрасов атындағы мектептегі жағдайға байланысты орын алған оқиғаға байланысты мектеп директорының мәжілісі өткізіліп, осыған байланысты қарамағындағы төменгі мамандарға, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, психологтарға ескертулер берілді”, – дейді Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр