AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан төртінші мегаполиске айнала ма? Облыс әкімі жауап берді

Түркістанды төртінші мегаполиске айналдыру мәселесі жоспарланып отырған жоқ. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Түркістан

2022 жылы Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл толды. Әкімнің айтуынша, осы қысқа уақыт ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жақсарып, барлық салада өсім сақталған. 

"Осы төрт жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң үрдісі айқын аңғарылды. Атап айтқанда, жалпы өңірлік өнім көлемі 1,6 есе артып, 2,8 трлн теңгеге жетті. Өнеркәсіп өнім көлемі 707,8 млрд, ауыл шаруашылығы 906,5 млрд теңгеге жетті. Облыс бюджетінің көлемі 1,7 есеге артып, 970,3 млрд теңге болды. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде биылғы 5 айда оң өсім сақталды. Түркістанды төртінші мегаполиске айналдыру жоспарда жоқ", – деді Өмірзақ Шөкеев. 

Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласында халық саны 200 мыңнан асты. Ал, облыста 2 млн артық адам тұрады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр