AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан: Төлеби ауданында 120 отбасы баспаналы болды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барды. Алдымен Леңгір қаласындағы  І мөлтек ауданында "Нұрлы жер" бағдарламасымен құрылысы аяқталған 20 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер кілтін тұрғындарға салтанатты  түрде тапсырды. Атап айтсақ,  халықтың әлеуметтік  осал топтары санатындағы 60 отбасы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 адам, көпбалалы отбасылар санатындағы 57 отбасыға пәтер берілді. Жалпы 120 отбасы тұрғын үймен қамтылды. 

“Төлеби — тау баурайындағы саф таза ауасы, тамылжыған табиғаты бар өлке. Бүгінгі үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша ұсынылып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл да қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі артады.  Осының бәрі – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған  мемлекеттік саясаттың жемісі. Жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймын.  Шаңырақтарыңыз молшылық пен берекеге толып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!” — деді Өмірзақ Шөкеев.  

Төлеби ауданында барлығы 4520 азамат тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекке тіркелген. Бұл бағытта жұмыс жалғасады.  2021 жылы Түркістан облысында 823,8 мың шашы метр тұрғын үй (6590 пәтер) пайдалануға берілген.  

Жұмыс сапары барысында Өмірзақ Шөкеев "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грант алған азаматтардың жұмысымен танысты. Төлебиде "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 38 тұрғынға несие берілген. 70 адам жаңа бизнес идеяларын іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа ие болған. Облыс әкімі аудан әкімі мен жауапты басшыларға тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.  

Өңір басшысы  аудан ардагерлерімен, этно-мәдени бірлестік төрағаларымен және жастар өкілдерімен, жергілікті тұрғындармен кездесті.  Еркін пікір алмасу форматында өткен  кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың   тапсырмаларын орындау бағыттары, мемлекетті дамытудағы жаңа жоспарлары сөз болды. Сонымен бірге өткір мәселелер қозғалып, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды.  Өмірзақ Шөкеев әрбір ұсыныс хаттамаға енгізіліп,  тиісті жұмыс атқарылатынын мәлімдеді.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр