Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғыны үйінде заңсыз жүрген 30 шетел азаматын жасырған

Түркістан облысының тұрғыны өз үйінде отыз шетелдік азаматты жасырып ұстаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото бейнежазбадан алынған

Полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы аумағында заңсыз көші-қон ұйымдастырумен айналысқан адамды анықтады. Жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар барысында полицейлер Өзбекстан азаматтарына мемлекеттік шекара арқылы заңсыз кіру және шығу үшін сыйақыға қызмет көрсеткені белгілі болды.

Тексеру кезінде күдіктінің үйінен елде болу мерзімін бұзып жүрген Өзбекстанның 30 азаматы анықталды. Оларға ұсталған ер адам Өзбекстанға кедергісіз шығуға кепілдік берген.

“Ол шекарада кедергісіз өту бойынша қызмет көрсеткені үшін 130 мың теңге алған сәтте ұсталды. Күдіктіден 2,5 млн теңгеге жуық ақша, екі ұялы телефон мен шетелдік азаматтардың құжаттары тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 394-бабы "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауда”, – делінген хабарламада. 

Талқылау