AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысының тауларында сирек кездесетін аю көрінді

Альпинистер Түркістан облысының тауларында тянь-шань ақ тырнақты аюын кездестірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" басылымына сілтеме жасап.

Альпинистер  "Медвежка" шыңын бағындыруды "Оңтүстік альпинизм" олимпиадасына арнапты. Шыңға көтеріліп келе жатып аюды көреді. Тәжірибелі таусүйерлер аюмен кездесуге дайын болыпты.

"Қорқыныш болмады. Егер қонжығымен бірге болса, жағдай басқаша өрбитін еді. Біз жеті адам болған соң ба қорықпадық. Аюмен арамызда 70-80 метр еді. Ол тоқтап, сосын солға бұрылды. Егер жүгірсе, жүгіретін еді", - деді альпинист Руслан Овчинников.

Тянь Шань аюы – қоңыр аюлардың ең сирек кездесетін түрі. Тянь Шань мен Памир тауларында мекендейді. Салмағы 300 келіге жетеді. Басты ерекшелігі – тырнағы ақ түсті болады. Сондықтан да ақ тырнақты аю деп те атайды.

Айта кетейік, әлемде 5 мыңға жуық Тянь Шань қоңыр аюлары бар. Оның 1000 шақтысы Қазақстанда мекен етеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр