Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаларға қол көтерген (видео)

Әлеуметтік желіде Шардарадағы балабақшалардың бірінде түсірілген видео жарияланды. Кадрлардан тәрбиешінің балаға қол көтергенін көруге болады. Болған оқиғаға қатысты пікір білдірген Түркістан облыстық білім басқармасының өкілі алдын ала тергеу амалдарының жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тәрбиеші

Тәрбиеші қыздардың бірін екінші қызды итеруге, осылайша "кек алуға" мәжбүрлеген. 

"Мен ұрыссам, жарасады. Сенің қандай хақың бар? Неге ұрасың біреудің қызын? Сен де итеріп жібер. Қатты итер!" – дейді тәрбиеші. 

Видеоға қатысты пікір білдірген облыстық білім басқармасының өкілі жекеменшік бөбекжайда болған жағдай туралы 5 қыркүйекте белгілі болғанын мәлімдеді. 

"Шардара қаласында орналасқан жекеменшік бөбекжай балабақшасындағы тәрбиешінің баланы ұрғаны жөнінде "Whatsapp" әлеуметтік желісіндегі бейне жарияланым бөлімге 2022 жылдың 5 қыркүйегі күні сағат 14:00 шамасында белгілі болды. Түркістан облысы Шардара ауданының адами  әлеуетті дамыту бөлімі арнайы комиссия тобын құрып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, баланы ұрған  тәрбиешісі екені белгілі болды. Бөлім тарапынан 05.09.2022 жылғы №06/10-4/234 санды хатпен Шардара ауданының полиция бөліміне тиісті жұмыстарды жүргізуге ықпал жасау жөнінде хат жолданды. Бүгінгі таңда алдын ала анықтау-тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген хабарламада. 

Талқылау