Түркістан облысындағы өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды

Фото: ТЖД
Түркістан облысындағы 12 адамның өмірін жалмаған өрттен аман қалған үш адамның бірі есін жиды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов науқастардың бірінің жағдайының жақсарғанын хабарлады.
“Зардап шеккендердің бірі есін жиды. Қажет болған жағдайда үшеуі де аудандық ауруханадан Астанаға санитарлық авиациямен жеткізуге дайын”, – деп атап өтті ол.
Түркістан облысындағы өрттен қаза тапқандардың есімдері жарияланды
Зулфухар Жолдасов тергеу жүріп жатқанын және оның нәтижелері кейінірек хабарланатынын қосты.
"Қайғылы оқиға мұқият және жан-жақты тергеледі", – деп атап өтті әкімнің орынбасары.
Бұған дейін үш зардап шеккеннің де жансақтау бөліміне жатқызылғаны хабарланған еді. Олардың бірі, 1986 жылы туған ер адам, жанып жатқан ғимараттан өз бетінше шығып үлгерген. Оның денесінің 12%-ы күйгені анықталды.
Қалған екеуі – 1991 жылы туған науқас және 2018 жылы туған қыз. Олардың денесінің 30%-ы және 11%-ы күйген, ауруханаға жатқызылды. Екеуі де өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Еске салсақ, 18 қарашада таңертең Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке үйден 12 адамның мәйіті табылып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген. Артынша қаза тапқан 12 адамның жаназасы шығарылған еді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді