Түркістан облысындағы лагерьде балалар таяқ жеді: Полиция пікір білдірді
Түркістан облыстық полициясы лагерьде соққыға жығылған балаларға қатысты мәдімдеме жасады. Бүгінде оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ғаламторда лагерь тәрбиешісінің кәмелет жасқа толмаған балаларды ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды. Төлеби аудандық полиция бөліміне Төле би ауданы Бүргілік аулындағы лагерьде тәрбиешінің кәмелет жасқа толмаған 4 балаға дене жарақатын салғаны туралы хабарлама түскені анықталды», - делінеді хабарламада.
Аталған факт ҚР ҚК 140-бабы 2-тармағына (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеуге қатысты міндеттерді орындамау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізімдемесіне тіркелді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысындағы лагерьде балаларды ұрып-соғу оқиғасы жайлы жазған едік. Оқиғаға қатысты әкімдік пікір білдірді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”