Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түркістан облысындағы 5 жасар қыздың өлімі": Сот тергеу изоляторында өтіп жатыр

Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірді деген күдікті сот алдына келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Адвокат Талғат Есімов сот тергеу изоляторында өтетінін хабарлады. 

"Процесске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және резонанс тудырмас үшін сот процесі басқа облыстағы тергеу изоляторының аумағында өтіп жатыр. Менің жеке ұстанымым бойынша сотталушыны өмір бойы қоғамнан оқшаулайтын үкім шығару керек", - деп жазды адвокат әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, 2023 жылдың шілдесінде Сарыағаш ауданында 2018 жылы туған қыз бала өлтірілген болатын. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ауыл тұрғындарының бірінің үйінен жарақаттарымен баланың денесін тапты.

Қызды өлтірген күдікті 2006 жылы кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланды. 2023 жылдың мамыр айында спирттік ішімдік ішіп отырып, ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған. Сот күдіктінің жәбірленушімен татуласқанын, оның бұрынғы соттылығының жойылғанын ескеріп, пробациялық бақылау орната отырып, оған үш жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. 

Талқылау