Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жеті айлық бала сырт киімнің қыстырғышын жұтып қойды

Түркістан облысында сырт киімнің қыстырғышын жұтып қойған жеті айлық бала тұншыға бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жедел жәрдем 9 минутта келді. Дәрігерлер баланың тамағынан қастырғышты алып тастады.

Олар нәрестені ауруханаға жеткізіп, тексеруден өткізді. Кішкентай науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Түркістан облысының жедел жәрдем стансасы қызметкерлерінің айтуынша, жыл басынан бері олар бөтен заттарды жұтып қойған 1330 баланы құтқарған. Сонымен қатар, 600-ге жуық ересек адам көмекке жүгінген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр