Түркістан облысында желіде мектеп директорына жала жапқан әйелге 450 мың теңге айыппұл салынды
Түркістан облысында әйел "Facebook" парақшасында аудандық орта мектептің директоры туралы жалған мәлімет жазғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел желіде бұл мектеп директорының сыбайлас жемқорлықпен айналысатынын және бұл қызметте жұмыс істемеуі керек екенін жазған.
Кейін мектеп директоры бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ол өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін әйелді сотқа берді.
"Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 465 192 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот құқық бұзушының жүктілігін және жүректен өкінгенін, жәбірленушіден және соттан кешірім сұрағанын ескере отырып, әкімшілік айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты", - деді Түлкібас аудандық соты.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады