Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жастар көп балалы отбасыға үй салып берді

Түркістан облысының Отырар ауданында ерекше қайырымдылық челлендж басталды. Жас еріктілер Түркістан облысында көп балалы отбасыға тұрғын үй салып берді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі аймақтық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көп балалы жалғызбасты әйел Көксарай ауылындағы ескі үйде тұрып келген. 1995 жылы туған мектеп түлектері осыны ескере отырып, өз қаражатына жаңа үй салып берді.

Содан кейін эстафетаны ауылдастарына берді. Олар қайырымдылық челленджін жалғастырды. 22 мен 38 жас аралығындағы ауыл тұрғындары ақша жинап, тағы бір көп балалы отбасыға үй сыйлады.

Биыл аймақ басшысының бастамасымен Түркістан облысында «Қамқорлық» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Демеушілердің арқасында тек Отырар ауданының өзінде аз қамтылған 10 отбасы  баспаналы болды. Тозығы жеткен тағы екі үй жөнделіп, қайта жаңартылды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 15 Қыркүйек, 2020 12:12
Талқылау