Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жасөспірім оқушыны көлікпен қағып кетті: қыз қайтыс болды

Түркістан облысында кәмелетке толмаған жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетті. Қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Апат 16 қыркүйекте сағат 9.00-де Қайнар ауылының көшелерінің бірінде орын алды.

Оқиға орнына жеткен полицейлер Lada 211440 маркалы автокөлігін басқарған жасөспірімнің Шымкент қаласына бара жатқанын анықтады. Бір сәтте  жүргізуші тротуарға шығып, көлікті басқара алмай, жасөспірім қызды қағып кетеді. Ол жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Кәмелетке толмаған жүргізуші мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Полицияның мәліметінше, жасөспірім әкесінің үйде жоқтығын пайдаланып, рұқсатсыз көлікті алған.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Талқылау