Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жасөспірім басына оқ тиіп қайтыс болды

Түркістан облысында жасөспірім басына оқ тиіп қайтыс болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

кару

Ішкі істер министрлігінің ресми дереккөзіне сүйенсек, 8 шілде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.

“Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді”, – делінген жексенбіде тараған ақпаратта.



Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.

“Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр”, – деп қосты полиция.

Талқылау