Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа тіркелген науқастар - коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар

Түркістан облысында коронавирусқа шалдыққандар жайлы деректер жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

коронавирусТүркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды.

Жетісай ауданынан - 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы – 1, Сайрам -1 науқас тіркелді.

Кентаудан шыққан науқас Жетісай ауданынан анықталған науқаспен байланыста болған.

Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары.

Науқастар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

А талған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.

Талқылау