Түркістан облысында ұлы ұрып-соққан қарттың мәйітіне эксгумация жасалды
Фото: Видеодан скрин
Түркістан облысы Шардара ауданында ұлының соққысына жығылған қарт тұрғынның мәйіті шығарылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіхабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Есіркеп Садақбаевтың қыркүйектің 3-іне қараған түні қайтыс болғанын хабарлады. Ол көзі тірісінде гипертониялық жүрек ауруы және омыртқа остеохондрозы диагнозымен дәрігерлердің бақылауында болған. Қарт адам алған дене жарақаты бойынша дәрігерге жүгінбеген.
"Туыстары қайтыс болу фактісін дер кезінде жеткізбегендіктен, медицина қызметкерлері анықтау актісін бере алмады. Қазір мәйіт эксгумацияланып, сараптама тағайындалды. Соңғы қорытынды қосымша жарияланады", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында ер адам өз әкесін аяусыз қорлады деген күдікке ілініп, қамауға алынғанеді.
Ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Түркістан облысы ПД Шардара аудандық полиция бөлімі "Зардап шегушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
