Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында үш мыңнан астам Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары елдеріне өте алмай жатыр

Түркістан облысындағы "Жібек жолы" шекара бекетінде үш мыңға жуық Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары елдеріне өте алмай қалып қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

шекара

Жергілікті әкімдік, демеушілер мен еріктілер шекарадан өте алмай қалған шетелдіктерге барынша тамақпен және басқа да заттармен көмектесуде екен. 

"Шекарадағы тұрақта үш мыңнан астам шетелдіктер жатыр, олардың көбі Өзбекстан азаматтары. Ол жерде шатыры бар орындар бар. Сарыағаш ауданының әкімдігі, еріктілер мен демеушілердің көмегімен оларға күніне бір рет түскі ас беріледі. Су әкеліп тұрамыз. Өзбекстан өз азаматтарын өткізгенін күтіп отырмыз", - дейді аймақ басшысының орынбасары Сәкен Қалқаманов. 

Өткен аптада Өзбекстан тарапы 200-300 адамнан өткізіп тұрыпты. 

"Біз қолымыздан келгенше көмектесудеміз. Күнде тазалау жұмыстарын жасап тұрамыз. Бір орында үш мың адам жатыр. Олар шекарадан өте алмай қалды. Наурыз айында карантин жарияланғалы бері 41 мың өзбекстандық азамат еліне қайтты. Біз оларға тамақ беріп тұрдық", - дейді әкім орынбасары. 

Бұған дейін осыған ұқсас жағдай Ресейдің Орынбор және Самара облыстары маңындағы шекараларда орын алған. Тәжістан мен Өзбекстан азаматтары шекараның ашылғаны жайлы жалған ақпаратты естіп, отандарына Қазақстан арқылы оралмақшы болған. 

Өзбекстанның Ресейдегі елшілігі карантиндік шектеу шаралары әлі де жалғасып жатқанын мәлім етті. Сондықтан қазіргі күні шекарадан өту үшін күш салудың қажеті жоқ дейді елшілік өкілдері. 

Талқылау