Түркістан облысында тойға келген 300 қонақ жерлеу рәсіміне қатысты
Түркістан облысында үйлену тойына жиылған 300 қонақ салтанатты шараның орнына, қалыңдықтың жаназасын шығарып, жерлеу рәсіміне қатысты. Қазығұрт аудандық сотында биыл маусым айында Шымкент - Жібек жолы тас жолында болған жантүршігерлік апатқа қатысты сот отырыстары жалғасуда.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Кезекті сот отырысында айыпталушы жақтың қорғаушысы қайғылы оқиғаға қорғауындағы азамат қана емес, «КамАЗ» жүргізушісі де айыпты екенін алға тартты. Заңгерлердің айтуы бойынша, ол тасжолдың тыйым салынған учаскесінде аялдап, төтенше жағдайдың туындауына себеп болған.
«Тергеу қорытындысының көптеген тұстарымен келіспеймін. КамАЗ жүргізушісі өз кінәсін мойындады, бірақ белгісіз бір себептермен ол бостандықта жүр. Неге екенін білмеймін. Мен тергеу нәтижесімен келіспеймін, апат болған жерден жасалған суреттерге қарасақ, көптеген сұрақтар туындайды», - дейді сотталушының адвокаты Қайрат Қамбаров.
Тағы оқыңыз
- Талдықорғандық жұп үйленейін деген сәтте қаза болған: Жол апатына кінәлі азаматша шартты жазаға кесілді
- "Тіл тартпастан көз жұмған": Ерболат Беделханның ата-анасы қайтыс болған жол апатына байланысты полиция мәлімдеме жасады
Бұған дейін сотқа төрелік еткен судья, полиция қызметкері, екі медициналық қызметкер, құтқару қызметі және криминалистің тыңдалымдарынан кейін ауыстырылған. Журналистер зардап шеккен тараппен хабарласып, дәл осы қорқынышты апатта қызынан айырылған әйелмен тілдесті. Марқұм болып кеткен ару небәрі 22 жаста болған.
«Қызым үйге келе жатқан еді. Бұл 16-сы күні еді, ертесі тұрмысқа шығуы керек болатын. Тойға шақырылған 300 адам тойдың орнына жерлеу рәсіміне қатысты. Соттан кінәлілерді жазалауды сұраймын», - дейді қайтыс болған қыздың анасы.
Белгілі болғандай, "КамАЗ" жүргізушісі әлі бостандықта жүр. Адвокаттың айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісі ережені бұзған.
Еске салайық, 16 шілдеде Шымкент-Жібек-Жолы тасжолында Шымкенттен келе жатқан шағын автобус жылдамдықты асырып, КамАЗ-ға соқтығысқан. Соның салдарынан микроавтобустың бес жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Барлығы - Өзбекстан азаматтары. Сонымен қатар, 7 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында минивэн жүргізушісі мен жолаушылары бар.