Түркістан облысында той жасағандарды жазалайтын болды
Әлеуметтік желілерде төтенше жағдайдың енгізілуіне қарамастан Жетісайда үйлену тойының қалай өткізіліп жатқандығы көрсетілген бейне жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде барлық жағдайлар нақтыланды, кінәлілер анықталды. Төтенше жағдайды бұзғаны үшін полиция ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша хаттама жасады. Тойхана иесі мен тойды ұйымдастырушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Айта кету керек, облыстық әлеуметтік даму басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілер мен жедел хабарлаушыларды тәулік бойы белсенді түрде бақылап отырады. Бүгінгі таңда мамандар төтенше жағдай режимін халықтың 7 бұзу фактісін анықтады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”