Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында тыйым салынған трамадол дәрісі тәркіленді

Түркістан облысында полицейлер заңсыз айналымнан 350-ге жуық трамадол дәрісін тәркіледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Түркістан облысының полицейлері құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу жөнінде жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде трамадолды заңсыз сақтауға және өткізуге қарсы іс-қимыл бойынша рейд өткізіп жатыр.

“Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Келес аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, трассалардың бірінде ВАЗ-2107 автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер автокөлікті, ондағы жолаушыны тексеру кезінде 200-ден астам трамадол таблеткасын тауып, тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр”, - делінген хабарламада.  

Сонымен қатар жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі тәулік ішінде Сарыағаш және Келес аудандарында трамадол препаратын заңсыз сақтау мен сатудың 7 дерегі анықталды. 

“Полицейлер заңсыз айналымнан 350-ге жуық психотроптық таблетка тәркіледі. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) мен ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, - делінген хабарламада. 

Талқылау