Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында теріс діни ағымын насихаттаған төрт баланың әкесі ұсталды

Түркістан облысының тұрғыны терроризмді насихаттаған деген күдікке ілінді. 56 жастағы салафизм идеяларын жаппай таратқаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қамауға алыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Ауыл тұрғыны жихадшылардың бірі болған, ол мешітке келген халықты теріс діни ағымға тартып, әлеуметтік желілерде осы тақырыпта жазбалар қалдырып жүрген. Осылайша ер азамат арнайы жасақтың назарына ілініпті. Күдікті көшеде кетіп бара жатқан жерінен ұсталған. Бұған қоса оның үйіне жүргізілген тінту жұмыстарының нәтижесінде тыйым салынған әдебиеттер табылыпты.  

Ер азаматтың төрт баласы мен әйелі бар екен, олармен алдағы уақытта теологтар жұмыс істейді. Күдіктінің өзі болса салафит ағымын ұстанушы екендігін жасырмапты. 

.
 

Талқылау