AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында тек егіз бен үшем дүниеге әкелетін әйел тұрады

Түркістан облысының тұрғыны дүниеге тек егіз бен үшем әкеледі. 33 жастағы Дильфуза Мырзақұлова 2009 жылы егіз, 2015 жылы үшем, 2021 жылы егіз туған. Бүгінде 5 қыз, 2 ұлдың анасы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Таңшолпан" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бір қызығы, Дильфузаның барлық балалары айдың сегізінші күнінде дүние есігін ашқан. Үйдің тұңғыштары Фатима мен Зухра мамырда, одан кейінгі Разия, Рабия, Раяна шілдеде, ал Хасан мен Хусан қараша айында туған. 

Үш жүктілігінің де 8 санымен сәйкес келгенін жақсылыққа жорып, бұл шексіздік деген ұғымға балап отыр.

"Қатты қобалжыдым. Тағы да сондай егіз тууға болады екен деп ойламадым. УДЗ-ға бірінші барғанымда екеу деп айтқан еді. Тағы екеу екен деп жүрсем, сенде екеу емес, үшеу екен деді. Сенбей тұрсам анаған қараңыз деп экраннан көрсетіп тұр", - дейді көпбалалы ана Дильфуза Мырзақұлова.

Әдетте тұқым қуалайтын бұл құбылыс Мырзақұловтардың әулетінде алғаш рет кездесіпті.  Сондықтан "Тәңірдің берген сыйы" деп есептейді олар. Отағасы жауапкершілік жүгі еселеп жатқанда жай отырмайын деп күндіз-түні еңбек етіп жүр. Бір отбасында қос-қостап сыңардың көбейгенін естігендер ырымдап арнайы ат басын бұрады екен.

"Бәрі қуанып, ойбай, мұндай ешкімде болмаған, жұғысты болсын дейді. Көбінесе үшемдерде шатасатынмын. Қазір көзім үйренгеннен кейін, шатаспаймын. Үшеуінің де түрлері онша ұқсамайды. Бірақ артынан кетіп бара жатса, таппай қаламын. Раяна десем, Рабия болып шығады. Мен Рабиямын деп айқайлап тұрады", - деп күлді Дильфуза Мырзақұлова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр