Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында судья 300 мың теңге аламын деп, 5 жылға темір тордың арғы жағынан бір-ақ шықты

Түркістан облысында 300 мың теңге көлемінде пара алған судья да, ақша берген кәсіпкер де сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Облыстық азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетов 5 жылға, пара беруші кәсіпкер 2 жарым жылға бас бостандығынан айрылыпты.

"Сот Бекімбетовке қарасты істі қарап, Бекімбетовті банкрот басқарушысы Ережеповтен 300 мың теңге көлемде айтарлықтай пара алғаны жөнінде оны кінәлі деп тапты.Ал Ережеповты Бекімбетовке 300 мың теңге, айтарлықтай параны бергені үшін оны пара бергені үшін кінәлі деп, сот үкімі шықты", - деді Қаратау аудандық сотының судьясы Момбек Әмірбеков.

Айта кетейік, 30 жыл бойы сот саласында жұмыс атқарған Түгел Бекімбетов биыл сәуір айында ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлері кәсіпкер Ережепов өз фирмасын банкрот деп шешім шығару үшін судьяға 300 мың теңге ауызбастырық беріп жатқан жерінен қолға түсірген. Судья да, кәсіпкер де тергеу кезінде кінәсін толық мойындаған. Сол себепті енді екеуі де жазасын қоныс колониясында өтеуі тиіс.  

Талқылау