Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында шенеуніктер пара алды деген күдікке ілінді

Түркістан облысы Адами әлеуетті даму басқармасының бес лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы облыстық сот мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Түркістан облысының Адами әлеуетті даму басқармасының басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ басқарма басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Сот санкциясымен олардың үйлері, кеңселері мен көліктеріне тінту жүргізілген. Түркістан облысының соты тергеу құпиясына сілтеме жасап, істің мән-жайын нақтыламады.

Қылмыстық істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр.

"М., Н., Б.-ның пәтерлерінде тінту жүргізілді, пәтерлер Түркістанда орналасқан. Сондай-ақ, тінту Түркістан облысының әкімдігінде орналасқан қызметтік кеңселерде жүргізілді. Сонымен қатар, тексеру Н.-ның Nissan Almera маркалы қызметтік көлігінде, Б.-ның Toyota Camry маркалы қызметтік көлігінде жүргізілді", – деді Түркістан облысы сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.

Талқылау