AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында саунаға келушілердің бірін ұрып өлтірген күзетшілерге қатысты үкім шықты

Түркістан облысы Сайрам ауданында 2021 жылдың қарашасында сауна күзетшілері келушілерді соққыға жыққан. Салдарынан зардап шеккен азаматтардың бірі ажал құшып, тағы үшеуі түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Манкент

Даулы іске қатысты 5 адам сот алдында жауап берді. 

"Сотталушы Орынбасаров, Өмірәлі, Қайшыбек, Құрал мен Байымбетов 2021 жылдың 3 қарашасында түнгі 3:30-да "Манкент" демалыс кешенінің ауласында Еламан Маликов, Нұрпейіс Маликов, Ақтөре Мырзабеков пен Ерболат Құдайбергеновке қатысты физикалық күш қолданды", – деді Сайрам аудандық сотының төрағасы Құрманғали Дүйсебеков. 

Нәтижесінде сотталушылардың бірі 9 жылға, екеуі 8 жылға сотталды. Бұзақылық бабы бойынша айыпталған үшеуі 2,5 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Алайда олар рақымшылыққа ілінгендеріне байланысты абақтыға қамалмайды. 

"Сотталушы Құрал, Байымбетов пен Қайшыбектің әрекеті "Адамдар тобы жасаған бұзақалық" деп танылды. Аталған бап бойынша оларға 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Рақымшылық туралы" заңға сәйкес аталған азаматтар қылмыстық жауапкершіліктен босатылды", – деді Дүйсебеков.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр