Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында бір жастағы сәби мен оның анасы коронавирус жұқтырған

Түркістан облысында соңғы тіркелген үш науқас жайлы деректер жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Түркістан облысында 3 сәуір күнгі соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 19 адам тіркелген.

1992 жылы туған науқас Сайрам ауданы, Қосбұлақ ауылының тумасы Біріккен Араб Әмірлігінен келген азаматпен байланыста болған.

1991 жылы туған азаматша мен 2019 жылы туған нәресте Нұр-Сұлтаннан поезбен келген азаматшамен жақын байланыста болған.

Қазіргі таңда 10 науқас Жетісай ауданында, Кентау қаласында 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал -3, Ордабасы 1 және Сайрам ауданында 2 адамнан тіркелді.

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Талқылау