Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында пневмониядан көз жұмған дәрігерлердің отбасыларына жәрдемақы берілетін болды

Түркістан облысында коронавирустан көз жұмған дәрігерлердің отбасыларына жәрдемақы төленетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті. 

Сөзінше, 24 дәрігер COVID-19-дан емделіп шыққан. Ал, пневмониядан, өкінішке орай, 5 дәрігер көз жұмған. Жұмыс барысында қайтыс болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті жәрдемақы беріледі.

"Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер еңбегі ерен. Мен оларға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, індеттен көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – біздің парызымыз", - деді Шөкеев.

Талқылау