Түркістан облысында пневмониядан көз жұмған дәрігерлердің отбасыларына жәрдемақы берілетін болды
Түркістан облысында коронавирустан көз жұмған дәрігерлердің отбасыларына жәрдемақы төленетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сөзінше, 24 дәрігер COVID-19-дан емделіп шыққан. Ал, пневмониядан, өкінішке орай, 5 дәрігер көз жұмған. Жұмыс барысында қайтыс болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті жәрдемақы беріледі.
"Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер еңбегі ерен. Мен оларға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, індеттен көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – біздің парызымыз", - деді Шөкеев.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"