Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында пневмониядан 46 адам көз жұмды

Түркістан облысында пневмониядан 46 адам көз жұмды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

морг

"Облыста денсаулық сақтау саласында 17 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың жұмысы қазір күрделі және қауіпті, қиын. Олар өздері және жеке мүддесі туралы ойламай эпидемиямен күресіп жатыр, бұл үшін оларға үлкен алғысымды білдіремін. Облыс бойынша барлығы 132 медицина қызметкері ауырып, оның 24-і емделді. Өкінішке қарай, 5 дәрігер пневмониядан қаза болды", - деді облыс әкімі тікелей эфирде.

Оның мәліметінше, Түркістан обпневмониямен ауырғандардың саны 5 421-ге жеттілысында 130-дан астам дәрігер коронавирус жұқтырған.

"Бүгінгі таңда облыста , оның 2 933-і немесе 54 пайызы емделді. Өкінішке қарай, коронавирустан 11 адам, пневмониядан 46 адам көз жұмды", – деді Шөкеев.

Өңір басшысы туған-туысқандарынан айырылып қалған отбасыларға көңіл айтты.

Талқылау