Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында өзін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырып, әйелді 1,5 миллион теңгеге алдап кеткен ер адам ұсталды

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 1,5 миллион теңгеге алданып қалғанын мәлімдеген. Әйелдің айтуынша, “Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерімен” деген танысы Алматы қаласындағы кедендік бақылауда тұрған бағалы заттарын алып беруге уәде берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

кісен

Алайда, ер адам берген уәдесінде тұрмай, ақшаны қайтармай қойған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеуге алды.                         

Полицейлер жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтады. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Оның Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ешқандай қатысы жоқ және жұмыссыз екені де расталды. 

“Анықталғандай күдікті мен жәбірленуші Төрткөл ауылынан Темірлан ауылына жолға шыққанда көлік ішінде танысады. Сезікті ер адам өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерімін деп таныстырған. Күдікті жәбірленушінің сөзіне сеніп, екеуі өзара келісімге келген. Алайда, ер адам ақшаны алған соң, хабарсыз кеткен”, – делінген Түркістан облысы полиция департаментінің хабарламасында. 

Күдікті ер адам алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жаратып жіберген. Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау