Түркістан облысында өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды
Түркістан облысында 9 күн бұрын өзенге құлап кеткен 4 жасар қыздың денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүлдіршіннің денесі оқиға болған аймақтан 10 шақырым жерде, өзен бойынан табылған. Жергілікті тұрғындар қыздың денесін судан алып шыққан.
Ол тағы екі қызбен өзенге барған. Бүлдіршін өзенді кешіп өтпек болған.
Оқиға орнына Түркістан облысының және Шымкент қаласының ТЖД мамандары мен полиция қызметкерлері барды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 17 наурыз күні сағат 17:00 шамасында үлкендердің қарауынсыз Арыс өзеніне ойнауға барған 4 жастағы бүлдіршінді су ағызып әкеткен болатын. Содан бері іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп келді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”