Түркістан облысында ойынқұмар әкім жұмыс орнында отырып карта ойнаған
Түркістан обылсындағы ауыл әкім ойынқұмарлардың бірі екендігі әшкере болды. Шенеунік карта ойындарын жұмыс орнында ұйымдастырыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Ауыл әкімінің құмар ойын ойнап отырғаны бейнежазбаға түсіп қалған. Бұл видео әлеуметтік желілерде тарап кетіпті.
Видеода әкіммен бірге ауыл қоғамының қаймақтары карта ойнауға жиналған екен. Азаматтың қолына телефон ұстап кіргені ойыншыларды састырыпты. Олардың картаға не тіккені, қандай ойын түрін оайнап отырғаны белгісіз көрінеді. Десек те бұл оқиғадан кейін ауыл басшысы Әлібек Сейдалиев "ұтылып қалды" деп айтсақ қателеспейміз.
Тәртіптік кеңес барысында оның ақталмақшы болып айтқан сөздеріне ешкім құлақ аспаған. Шенеуніктің бұл ісі мемлекеттік қызметкерге жат әдет деп танылыпты. Оның алдағы уақытта лауазымын сақтап қалу-қалмауын Шардара ауданының басшысы шешеді.
"Бір-ақ рет қана болған жағдай. Қателігімді мойындаймын. Екінші рет қайталанбайды", - деп ақталыпты әкімнің өзі.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
