AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында өрттің ортасына түскен жігіт тумен бірге елтаңбаны да құтқарған 

Түркістан облысында өрттің ортасына түскен жігіт тумен бірге елтаңбаны да құтқарған болып шықты. Сайрам ауданы, Шіркін ауылының тумасын аудан әкімдігі алғыс хатпен марапаттаған. Онымен қоса, аттың суреті бар картина сыйлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qumash Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

"Бұл Қансейіт Мұхаммед (оң жақтағы). Оттан туды құтқарған жігіт. 26 жаста. Сайрам ауданының, Шіркін ауылында туған. Отбасылы, бір баласы бар. Ақсукент жұмыспен қамту орталығында былтырдан бері жұмыс істейді және жастар практикасы үшін жауап береді", - делінген хабарламада. 

Басылымның хабарлауынша, кеше Мұхаммедтің демалыс күні болған. Алайда жұмыс орнында өрт шыққанын естіген жігіт оқиға орнына тез арада жеткен. Шатырда тұрған тудан бөлек, ол кіре берістегі есіктің үстінде ілулі тұрған елтаңбаны құтқарған. 

Аудан әкімдігі Мұхаммедті алғыс хатпен марапаттап, естелікке картина сыйлады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр