Түркістан облысында оқушыны өзіне қол жұмсауға жеткізді деп айыпталған мектеп директоры жұмыстан шеттетілді
Түркістан облысында мемлекеттік емтиханнан соң өзіне қол салған жасөспірім оқыған мектептің директоры жұмыстан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты ауданның бас ұстазы растады.
“Мектеп директоры Стаева Айсара Нұржігітқызын уақытша тексеру амалдары жүруіне байланысты, осы тексеру амалдарына кедергі жасамас үшін 14 жұмыс күннің ішінде жұмыстан шеттеттік. Яғни лауазымдық қызметінен шеттетілді. Егерде мектеп басшысы тікелей осыған кінәлі болатын болса, өзінің жазасын алуға мен құп қосыламын”, – деді Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева.
Еске салайық, Ордабасы ауданы Көкарал ауылындағы орта мектептің 9-сыныбын бітірген Эльвира Мықтыбек өз үйінде асылып қалған еді. Ол үздік аттестатқа үміткер болатын. Ата-анасы бұл қайғылы жағдайға мектеп директорын кінәлайды. Сыныптастарының сөзіне сүйенген ата-ана мектеп басшысының сынақ үстінде қызына ауыр сөз айтып, көпшіліктің алдында тұқыртып, намысына тигені жасөспірімнің өз-өзіне қол салуына себеп болуы мүмкін дейді. Осы жағдайдан соң арнайы топ тексеру жүргізген, бірақ қорытынды әлі жарияланған жоқ.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
