Түркістан облысында тұрғындар табысы мен мүлкін жасырып әлеуметтік көмек алып келген
Фото: istockphoto.com
Прокуратура органдары атаулы әлеуметтік көмек алу үшін азаматтардың өздерінің нақты табыстары және жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санын жасыру фактілерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Атап айтқанда, Сарыағаш (11), Келес (6) және Мақтаарал (2) аудандарының тұрғындары табыстарын жасырғаны үшін мемлекет қаржысынан 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген. Сонымен қатар, Келес ауданындағы 13 тұрғын өтініш беру кезінде отбасымен бірге тұратын мүшелерін әдейі жасырған, осылайша жиынтық табысты төмендетіп, кедейшілік шегінен аспауға тырысқан. Нәтижесінде олар 2,2 млн теңгені заңсыз алған”, – делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.
Аталған факт бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Еске салсақ, бұған дейін кейбір көпбалалы отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы беру тоқтатылатыны туралы жазған едік. Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова көпбалалы отбасыларға жәрдемақы беру тоқтатылатыны туралы ақпаратқа жауап берген еді. Минитр көпбалалы емес отбасыларға да көмек берілетінін айтты.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
