Түркістан облысында моншаға сұранған сотталушы қашып кеткен
Түркістан облысында уақытша түзету мекемесінен шығып кеткен сотталушы белгіленген уақытта қайта оралмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлерінің сөзінше, оқиға 16 тамызда болған. Сотталушы Бағлан Тағабай қауіпсіздігі төмен түзету мекемесінен шығып, монша мен шаштаразға бару үшін базарға бет алған.
Сол күні 18:00-де қайта оралуы керек болған ол мекемеге келмепті.
Сотталушы келесі күні Жетісай қаласында ұсталды. Енді қашып кетуге тырысқаны үшін 2 жылға сотталуы мүмкін.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн