Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"14 жастағы қызды пышақпен қорқытып, тоғыз рет зорлаған": Түркістан облысында жаға ұстатарлық қылмыс туралы хабарланды

Түркістан облысы, Сайрам ауданында 14 жастағы қызды жоғары сынып оқушысы қорқытып, тоғыз рет зорланғаны айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "НеМолчи" қоғамдық қорына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Мектептің жоғары сынып оқушысы кәмелеттік жасқа толмаған қызды пышақпен қорқытып, күштеп жыныстық қатынасқа түсірген. Қыз қорқып ешкімге айтпаған. Жоғары сынып оқушысы өз-өзіне қол салатынын және суицид жасауына қызды кінәлі етіп көрсететін хат қалдыратынын айтқан", – деген қыздың анасы қорға. 

Оқиға туралы білген қыздың анасы полицияға хабарласқан. Алайда ол іс сотқа жетпей қала ма деп қорқады.

Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Полиция Сайрам ауданының тұрғынының өтініші бойынша оның кәмелетке толмаған қызына қатысты таныс кәмелетке толмаған жасөспірім тарапынан жасалған құқықбұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Нәтижелері бойынша заңды процесcуалдық шешім қабылданады. Барлық мән-жайларды анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Талқылау