Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мас жүргізуші баланы көлікпен қағып, қашып кеткен

Түркістан облысында мас жүргізуші велосипед айдап бара жатқан сегіз жастағы баланы көлікпен қағып, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

дтп

"Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне орталық ауруханаға жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақатымен сегіз жастағы жасөспірімнің түскендігі туралы хабарлама келді. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері тас жол бойында өзінің бағытымен келе жатқан велосипедті белгісіз “Lаda” автокөлігі соғып, жол-апатын жасағанын анықтады. Ал, кінәлі жүргізуші содан кейін жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен. Оқиға салдарынан велосипед айдап келе жатқан жасөспірім басынан жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген", - делінген ресми хабарламада.

Кінәлі жүргізуші екі сағаттан соң полициялардың қолына түскен. Оның мас күйінде көлік айдағаны анықталыпты. Күдікті қамауға алынды. Қазір оның үстінен бірден екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

 

Талқылау