Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында күдікті полиция қызметкеріне пышақ сұғып алды

Түркістан облысында есірткі сақтады деп күдікке ілінген қылмыскер учаскелік инспекторды ас үй пышағымен жарақаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

нож

Рейд кезінде Сарыағаш ауданының полицейлері көшеде күдік тудырған азаматты тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары ер адамның қалтасынан заттар тапқан, сараптама нәтижесі бойынша олар кептірілген марихуана болып шықты. Жергілікті тұрғынға қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті тергеушінің шақыртуына келмеген. Ал учаскелік инспектор Асқар Уәлиевтің өзі оған барған кезде, ер адам күтпеген жерден ас үй пышағын алып заң қызметкерінің аяғына сұғып алған. Күдікті бұдан кейін оқиға орнынан қашып кетеді.

полиция жаракат

Куәгерлер оқиға болған жедел жәрдем шақырады. Сондай-ақ оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері қылмыскерді тұрғылықты үйінен қолға түсірді.

"Ас үй пышағы айғақ ретінде тәркіленді. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Оның үстінен есірткі сақтау бабынан басқа, ұсталған адамға қатысты "Құқық қорғау, арнайы мемлекеттік орган қызметкерінің өміріне зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция.

Асқар Уалиев ішкі істер органдарында 2008 жылдан бері қызмет етеді. 2015 жылдан бері учаскелік инспектор болып жұмыс істейді. Әріптестерінің айтуынша, ол өзінің қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарайды. 

STAN.KZ
Жұма, 10 Қыркүйек, 2021 21:39
Талқылау