Түркістан облысында көшені басына көтеріп ән салған жедел жәрдем жүргізушісі жұмыстан қуылды (видео)

Түркістанда әлеметтік желідегі видеодан кейін жедел жәрдем жүргізушісі жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап. 

Оқиға 30 сәуірде орын алған. Әлеуметтік желілерде таралған видеожазбаға сәйкес, жедел жәрдем жүргізушісі көлікте әндетіп кетіп бара жатқаны байқалады. Кейіннен анықталғандай медициналық мекемеге тиесілі көлікте науқас болмаған. 

"Полицейлер тиісті тексеру жұмыстары нәтижесінде, оқиғаның Түркістан қаласы Б. Саттарханов даңғылында 30.04.2021 жылы түнгі сағат 02.00 шамасында болғанын анықтады. Яғни қызметтік көлік жүргізушісі Арыс қаласының тұрғыны облыс  орталығы Түркістан қаласына жедел жәрдем көлігімен Арыс қаласынан ем алған адамды алып келгеннен кейін, қайтып бара жатқан уақытта көліктің дауыс зорайтқышы арқылы ән айтып, түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзған"ғ - делінген полиция хабарламасында. 

Еңбек заңында көрсетілген ережелерді бұзғаны үшін жедел жәрдем жүргізушісі жұмыстан босатылған. Ол шұғыл жедел жәрдем бригадасында қызмет атқарған. 

 

 
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр