Түркістан облысында колонияға жасырын камерасы бар көзілдірік өткізуге тырысқан
Түркістан облысында колонияға жасырын камерасы бар көзілдірік өткізуге тырысқан. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сотталушылардың біріне жасырын микро-бейнебақылау камера орнатылған арнайы көзілдірік пошта арқылы жіберілген. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жедел бөлімінің қызметкерлері портативті камерасы бар ерекше сәлемдеменің колония аумағына кіруінің алдын алды.
"Тосын сыйы" бар сәлемдеме шамамен бұрын сотты болған, қазіргі кезде мекемеде ауыр және аса ауыр қылмыстар (адам ұрлау, бопсалау, терроризм) үшін 14 жылға сотталған азаматтың атына келген.
Аталған факті бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды",- деп хабарланды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Өңірлік ҚАЖ департаментінің хабарлауынша, мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отыр.
"Жыл басынан бері Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы келетін тыйым салынған заттарды берудің 20-дан астам әрекетінің жолын кесті. Көбінесе бұл есірткі заттары мен ұялы телефондар. Алайда біз үшін бұндай ерекше құрылғының тәркіленуі алғаш рет болып отыр. Бұған дейін өңірде осыған ұқсас фактілер тіркелмеген",- дейді өңірлік ҚАЖ департаменті.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
