AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында кітап көп оқитын балаларға қозы мен телефон сыйға беріліп жатыр

Түркістан облысының Ордабасы ауданында шенеуніктер балаларды көп кітап оқуға ынталандырудың ерекше тәсілін ойлап тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

10 жастағы Әлихан Шекербек кітап оқып, қозы иеленді. Оның сөзінше, төртінші сыныптан бастап әдебиетке деген ықыласы ашылған. Сондықтан жарты сағатта кітап оқып, мазмұнын айту Әлиханға қиынға соқпаған. Қазір алтыншы сынып оқушысы сыйлыққа алған қозысын өзі бағып жүр.

"Кітап оқығаным үшін қой береміз дегенде сенбедім. Бірақ кейін шынымен қозы сыйлады. Қазір оны өзім асыраймын, уақыты келгенде оның етінен қуырдақ жасап жейміз", – дейді Әлихан Шекербек.

Балалардың білімге деген құштарлығын осындай ерекше тәсілмен ояту туралы идеяны Ордабасы ауданындағы ауылдық округ әкімі ұсынған. Бұл бастаманы ауыл тұрғындары қабыл алып, тіп кейбіреулері ынталандыру қорына бір қозыдан тарту еткен.

"Кітапханада басқаларға қарағанда кітап көп оқиты үш оқушыны таңдап алдық. Олардың арасында қозылар ұтысқа тігілді. Балалар кітаптар оқып, түсініктерін айтты, ал оларға сыйлық ретінде қозы бердік. Тіпті, бұған сенбеген жеңімпаздардың бірінің әкесі телефон соғып, қозы не үшін берілгенін сұрап жатты. Біз “өйткені балаңыз соған лайық болды” деп жауап бердік”, - дейді Боржар ауылдық округінің әкімі Серғали Құрымбеков.

Сыйлық ретінде қозы алу да оңайға соққан жоқ, дейді байқауды ұйымдастырушылар. Оқушы кітапты оқып, оны түсінікті етіп мазмұнын айтып беру қажет болған. Сөздеріне сенсек, ерекше науқан басталғалы және алғашқы жеңімпаздар анықталғалы бері ауылда кітап оқитын балалардың саны айтарлықтай артқан.

"Жыл басынан және осы байқау ұйымдастырылғаннан бері ауылдық кітапханамыздағы оқырмандар саны күрт өсті. Бізге тіркелген 500 оқырманның бүгінде 300-і балалар. Биыл балаларға арналған 1500 кітап сатып алдық", - дейді аудандық кітапхана қызметкері Әлия Қайтбекова.

Алдағы уақытта кітапқұмар тағы бес оқырманға телефон сыйға берілмек. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр