Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында келіні қайын енесінің ақшасын құмар ойындар мен киімге жұмсап жіберген

Түркістан облысының полицейлері қайын енесінен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

телефон

Созақ АПБ полицейлеріне жергілікті тұрғын хабарласып, банктегі шотынан ақша жоғалғанын хабарлаған.

Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Созақ ПБ-нің полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні "ізін суытпай" ұстады.  Ол жәбірленушінің өзінің келіні болып шықты, әйел істеген ісін толық мойындаған.

Белгілі болғандай, жас келіншек жәбірленушінің ұялы телефонын пайдаланып, қайын енесінің ақшасын өз шотына аударған. Осыдан кейін күдікті ақшаны құмар ойындарға және жаңа киім сатып алуға жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 130 мың теңге болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кетейік, күдіктінің бұрын алаяқтықпен айналысқаны анықталды.

Талқылау