Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында кәсіпкер жалғызбасты анаға үй тұрғызып берді

Тұрғын үй тауқыметін тартқан жалғызбасты ана Айгүл Садықова үш баласымен бірге жылдар бойы ауылдағы ғимараттың бөлмесін жалдап келген. Жұпыны қашқан лашықты паналаған жандарға тұрақты қамқорлық көрсетіп келетін Қазығұрт ауданының басшылығы бұл отбасына демеуші тауып берді. Жергілікті кәсіпкер қайырымдылық жасап, мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған анаға 4 бөлмелі үй салып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

отбасы

«Болашақ» мөлтек ауданында орналасқан жаңа үй жарық пен табиғи газбен қамтылып, ауыз су жүйесі жүргізілген. Өңірде қарқын алған «Қамқорлық» жобасы аясында Қазығұрт ауылының кәсіпкерлері жұмыссыз ананың жаңа қонысына үй-жиһаздарын тарту етіп, азық-түлік алып берді. Басыбайлы баспана бұйырған отбасындағы балалардың қуанышында шек жоқ. Жылдар бойғы қиындықтарынан құтылған жандардың айтар алғысы айрықша.

"Қазақстандағы 100 жаңа есім" қатарына шынайы ел патриоты ретінде енген Қазығұрт ауданының кәсіпкері Сырым Ертаев осыған дейін де бірнеше жерлесіне баспана сыйлап, жомарттығымен танылған. Үлгі болар ісімен алғыс арқалаған азамат жеке кәсібін дөңгелетіп, көптеген тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Түркістан облысында жүзеге асып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беруді меңзейді. Қазығұрт ауданы бойынша 86 отбасына осы бағдарламасы аясында жетекші бекітіліп, жан-жақты көмек көрсетілген. Жақсы іске жанашыр ізгі ниетті, ақ тілеулі азаматтар әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж жандарға тұрмысқа қажетті заттарын, көмір, отынын молынан үйлестіруде. Аталған шараға аудан, қала және ауыл әкімдіктері, "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының белсенділері, мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер демеушілік жасап, атсалысып жатыр. Жалпы, облыс бойынша 2 мыңға жуық отбасына жоба аясында жан-жақты қамқорлық жасалмақ.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Мүгедектігі бар 75 жастағы алматылық қария үйінде жалғыз қалып, азық-түлік алуға сыртқа шыға алмай отыр

Зейнеткер: Полиция көріп қалса, ұрысып шыға келеді

Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойды

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Алматы обысында нанды қаптамасыз сатқан кәсіпкер айыппұл арқалады

Азаматқа 26 510 көлемінде айыппұл тағайындады

Қазақстандықтар несиені қалай кейінге қалдыра алады?

Банктер азаматтар өтінішін 10 жұмыс күні ішінде қарауы керек

Коронавирус: Медициналық қызметкерлер неліктен аурудың асқынған түрімен ауырады

Бұл жағдай олардың вирус ортасында көп уақыттарын өткізетіндіктен екен

Шымкент тұрғыны бүкіл отбасына коронавирус таратқан: Індетті жұқтырған оның сегіз туысы анықталды

Шымкентте коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген

Полиция қызметкері ауыр жарақат алды: Алматыда мас жүргізуші блок-бекетті соқты (видео)

Полиция қызметкерінің екі аяғы сыныпты

Қытайлық дәрігер коронавирус туралы ақпаратты жасыру туралы шағымдардан кейін жоғалып кетті

Қытай билігінің жұмысын сынаған мақала жарияланғаннан кейін дәрігер жоғалып кетті

Қарулы күштер жанындағы ұлттық ұлан қызметкерлеріне сыйақы беріледі

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, ұлттық ұлан мен қарулы күштердің әскери қызметшілеріне жалақы мөлшерінде сыйақы төленеді

Карантин уақытында жеке көлікпен жүруге мүлдем болмайды - Алматы әкімдігі

Қала әкімінің орынбасары: Каарнтин кезінде жеке көлікті пайдалануға тыйым салынған
Çàãðóçêà...