Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыз зорланғаннан кейін жүкті болды. Өгей әкесі қылмыс жасады деп күдіктелуде, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

23 желтоқсанда Түлкібас аудандық полиция бөліміне аудандық ауруханадан қоңырау түсті. Кәмелетке толмаған қыз іштің ауырсынуына шағымданған.

Медициналық тексеріс кезінде дәрігерлер жасөспірім жүктіліктің жетінші айында екенін анықтап, полиция шақырған.

"Полиция бұл фактіні қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі "Зорлау ісі" бойынша тіркелді. Жәбірленушінің өгей әкесі ауыр қылмыс жасады деп күдіктелуде. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның барысында оқиғаның мән-жайы анықталады. Сараптама тағайындалды", - дейді полиция департаменті. 

120-баптың 4-бөлігіне сәйкес, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру немесе  20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

STAN.KZ
Жұма, 25 Желтоқсан, 2020 13:01
Талқылау